Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытындағы өрттен күйік шалған жұмысшы көз жұмды
Жаңажол газ өңдеу зауытында шыққан өрт кезінде, денесін күйік шалған жұмысшылардың бірі Астананың ауруханасында көз жұмды.
Ол Кенқияқ ауылының 52 жастағы тұрғыны еді. Бұған дейін ауыр жағдайда елордаға санавиациямен жеткізілген 56 жастағы жұмысшының да, қаза болғаны белгілі. Осылайша, зауытта болған оқыс оқиғадан, төрт адам зардап шексе, оның екеуі көз жұмды. Бір адам Астанада ем қабылдап жатыр. Төртінші жұмысшы, ақтөбелік дәрігерлердің бақылауында. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері тиісті медициналық көмектің көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Рүстем Исаев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Осы күнге дейін жансақтау бөлімінде жатты. Барлық емін қабылдады. Енді республикалық орталықта жатты. Профессорлер, үлкен мамандар қарады. Бірақ күйіктері өте үлкен болды. 70 пайызға дейін. Екі жетідей ем алды Астанада. Бірақ өкінішке орай осындай қайғыла жағдай болды.