Қазақстанда прокурорлар жетіспейді
Прокурорлар айыптау жағын ұстанбауы қажет.
Олардың негізгі мақсаты – сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігін анықтауға көмек беру. Мемлекеттік айыптаушы сотта әділ, объективті және бейтарап болуға міндетті. Бұны Бас прокурор Берік Асылов елордада өткен мемлекеттік айыптаушылар форумында айтты.
Бүгінде заңгерлердің айтуынша, Ақтау үкімін алу мүмкіндігі 2%-тен аз. Қазақстанда прокурорлар жетіспейді, бұл олардың жұмысының сапасына әсер етеді. Сол себепті адвокаттар алқасы прокурорлармен заңнамалық теңдікті қолдайды.
Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:
- Заңды, әділ әрі негізді айыпты қолдау – іс бойынша дұрыс шешімнің және адам құқығын қорғаудың кепілі. Конституциямен белгіленген бұл міндет прокурорларға ерекше жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік айыптаушы қоғам мен ақпарат құралдарының ерекше назарында екені белгілі. Оның біліктілігіне қарап, халық жалпы прокуратура органдарына баға береді.