Елде көмірді экспорттауға тыйым салынды

Бүгіннен бастап көмірді экспорттауға уақытша тыйым салынды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл шектеу автокөлікпен тасымалданатын шикізатқа ғана қатысты екенін айтады. Мерзімі - 6 ай. Халыққа және коммуналдық нысандарға қажетті отын көрші елдерге көлікпен саудаланып жатқандықтан ведомство осындай шараға баруға мәжбүр. Ал теміржол арқылы көмірді эскпорттауға еш кедергі жоқ.

Жанат Игісінов, ҚР ИИДМ индустриялық даму комитетінің көмiр өнеркәсiбi басқармасының басшысы:

- Әлеуметтік көмір дейміз ғой. Сол әлеуметтік көмірдің қаншасы жаңағыдай жолмен сыртқа шықса, сонша мөлшері елімізде қалады деген сөз. Яғни, шекаралас мемлекеттегі елді мекендерде орналасқан өзіміздің отандастарымыз  бәрі қажетті көмірмен қамтамасыз етіледі.