Кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Қылмыс 2017 жылы Орал қаласында жасалған. Тергеу мәліметтері бойынша ер адам автотұрақта жәбірленушіге жеті рет пышақ сұққан. Содан кейін ол қашып кетіп, халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір күдікті елордалық тергеу изоляторында отыр. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еліміздің құқық қорғау органдары бірқатар республикалармен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беру туралы шарттар жасасқан. Сонымен, биыл іздеудегі 500 адам ұсталды. Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан 95 азамат елге жеткізілді.