Қ. Тоқаев жұмыс сапарымен СҚО-ға барды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі. Қазіргі уақытта облыс республикадағы жалпы астық көлемінің, төрттен бір бөлігін беріп отыр. Биыл аймақта егіс алқаптары ұлғайтылып, қара-құмық, картоп, сәбіз және қырыққабатқа басымдық берілді. Енді жылыжай кешендерін көбейтіп, заманауи көкөніс қоймаларын салу жоспарда бар. Облысты наннан бөлек, жеміс-жидек және көкөніспен де толық қамтамасыз ету көзделген. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды.