Астанада 20-21 маусымда Халықаралық волонтерлер форумы өтеді
Сонымен қатар, Ақпарат және қоғамдық даму министрі елордадағы АйТи университет қабырғасында еріктілермен кездесті.
Жиын барысында 20-21 маусымда Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумына дайындық барысы сөз болды. Кездесуде форумға қатысушы өңірлік волонтерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы жарияланды. Форумға әр облыстан 4 белсенді қатысады. Олар: жоба үйлестірушілері, ұйым жетекшілері және бастамашыл топтар. Халықаралық шараның мақсаты - қазақстандық және халықаралық тәжірибені таныстырып, сондай-ақ волонтерлік қызметтегі жаңа тәсілдер мен идеяларды әзірлеуге бағытталған.