Астанада балалар шеруі өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы да шеру өткізіп, ерекеше акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар жасөспірімдердің құқығын қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сынды тақырыптағы ұрандар жазылған плакаттарды ұстап, елорда көшесімен жүріп өтті. Шерудің басты мақсаты – ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасының маңыздылығын, сондай-ақ олардың да қоғамның толыққанды мүшесі екендігін көрсету, - дейді, ұйымдастырушылар.

Бұл шеруге Жас Ұлан ұйымының 30-ға жуық мүшесі қатысты.

Динара Сәдуақасова, «Жас Ұлан» РҚБ төрағасы:

- Осы перфоманс ол балалардың азаматтық позициясын білдіреді. Жалпы балалардың да үлкендерге, жалпы қазақстандық қоғамға да айтатындары бар. Осы айтқан үндеу, месседждарды біз плакатқа түсірдік.