Елордадағы Байқоңыр ауданының әкімдігі мерекеге орай шара өткізді
"Менің туым - менің мақтанышым!" Елордада дәл осындай атаумен патриоттық челленджі өтті.
"Байқоңыр" аудандық әкімдігі мен Ұлттық әскери-патриоттық музей қызметкерлері Әнұранды бір мезетте тебірене шырқады.
Еліміздің нышандары - Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Ал Әнұран ойнағанда тебіренбейтін жан жоқ. Себебі бұл еркіндік пен елдіктің үні. Айтулы мерекеде "Байқоңыр" аудандық әкімдігі ерекше шара ұйымдастырып, көпке үлгі көрсетті.
Ерлан Жаулыбаев, Байқоңыр ауданының әкімі:
- ҚР Рәміздер күніне арналған іс шара, дәстүрлі шара болып есептеледі. Осы күні тарихи күн, еліміздің паспорты деп айтуға болады, төл құжаттар - Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Көк Туымыз біз үшін, Қазақ ел үшін үлкен символика. Оны дәріптеу, құрметтеу, патриоттық сезімді оята отырып, кешелек ұрпақтың бойына сіңіру біздің негізгі міндетіміз.
Еліміз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Елдігі сынға түскен сәтте байрақ астына бірігіп, тұтастығын танытқан. Сондықтан болар, бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Көк тудың қадірін арттырып, қасиетін ұғындыратын патриоттық шаралар өтіп жатыр.
Айдос Малтаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департаментінің аға офицері:
- Елтаңбамызда еліміздің рухы, қайтпас қайсарлығы, қаһармандығы мен даналығы осы біздің елтаңбамызда белгіленген. Сол елтаңбамызға қарап біздің қанда ел екенімізді біледі. Осындай іс-шараны өткізіп, біз өзіміздің жастарымызға рәміздерді құрметтеуге үйретеміз. Мемлекеттік рәміздер мерекесі бүгінде бұқаралық сипат алып, қарапайым көпшіліктің айтулы мейрамына айналды. Бұл күні Елордада мерекеге орай бірқатар патриоттық шара ұйымдастырылды.
Айнұр Қуатқызы, Ақылбек Есімсейітов