Қазақстандағы конституциялық реформаларға бір жыл толды
Конституциялық референдумның өткеніне бір жыл болды.
Осы кезең аралығында елде ауқымды саяси өзгерістер іске асты. Сарапшылар бұл жаңашылдықтарды Қазақстанның демократиялық қоғамға аяқ басуының адымды қадамы ретінде бағалап отыр.
Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл былтырғы референдум нәтижесінде өткелі отырған саяси науқан. Әрине, бір жылда түпкілікті нәтижелер шығару ерте. Бірақ ең бастысы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын негіз қаланды.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
- Конституциялық реформа үлкен қадам. Ең басты маңыздылығы Қазақстанда жаңадан дауыс беру мәдениетін қалыптастырады. Өйткені бізде 25 жыл бойы референдум өткізілмеген конституция өзінен-өзі өзгертіле берген мәжіліс арқылы. Ал ең басты өзгеріс ол Президент өзінің мүмкіндіктерін шешу.
Бір жыл бұрын халықтың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын қолдап дауыс берді. Нәтижесінде Конституциялық сот құрылды. Ал ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін таптырмас құрал дейді сарапшы.
Айдар Әміребаев, саяси зерттеулер орталығының директоры:
- Референдум өткеніне бір жыл болды. Бұл негізі ауқымды саяси жұмыс. Нәтижесінде конституциялық сот пайда болды. Ол халық үшін жасалған игі істің бірі.
Елде ауқымды саяси өзгерістер іске асты. Парламент мәртебесі көтеріліп, суперпрезиденттік жүйеден алыстадық. Монополиядан арылып, бәскелестікті дамытатын қадамдар жасалды.
Гүлзия Нақыпқызы, Жандос Битабаров