Астанада жаңа су станциясы іске қосылады
Астанада су тапшылығы мәселесі шешімін табады.
Ағымдағы айда жаңа су станциясы іске қосылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысында мәлімдеді. Қазір бұл мәселені жергілікті әкімдік қолға алған. Бүгінде сорғы-сүзгі станцияларының жұмысын қамтамасыз ететін жаңа құбыр салынды. Алайда су мәселесін түбегейлі шешу үшін Ертіс каналынан өтетін су құбырының жобасын бекітіп, құрылысын бастау керек-деді Көлгінов.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Әкімдік, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге тиіс. Біз «Астана су қоймасынан» су құбырын тарту бойынша тағы бір жобаны қолға алған болатынбыз. Ол қазір аяқталды. Алдағы уақытта қосымша су станциясынан су берілетін болады. Әрине қаланың кей аудандарында кедергілер бар. Бірақ алдағы уақытта мәселе шешімін табады.