Атырауда қайтыс болған адамдардың атына бюджет қаржысы аударылған

Атырауда қайтыс болған адамдардың атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған.

Бұл жағдайды прокурорлар анықтады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері  осындай олқылыққа жол берген. Сондай-ақ прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығының бұзылуына қатысты 100-ден астам дерек анықтады. Мәселен, мүгедектігі бар жандарға жеке көмекші ретінде бекітілген 69 адам өз міндетін атқармай, басқа мекемелерде жұмыс істеп келген. Ал жауапты орган тиісті бақылау жүргізбеген.  

Ерлан Какиев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

- Яғни мүгедектігі бар тұлға бақылаусыз қалғаны дәлелденді, іс материалдарымен. Сондай-ақ мұнан басқа 30 тұлғаға қатысты қайтыс болғанына қарамастан бюджет қаражаты аударылып келген. Ол фактілер бойынша қадағалау актісі енгізілді. Жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.