Елордада қылмыс саны азайды
Елордада қылмыс саны шамамен 6%-ке қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық пен ұрлық азайды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
Жыл басынан бері 80-ге жуық есірткі қылмысы анықталды. Жалпы құны 450 млн теңгеге тең 72 келі наша тәркіленді. Интернет әккілерге алданған астаналық көп.
Марат Төлебаев, қалалық Полиция департаментінің бастығы:
- «Қолжетімді полиция» қағидасын іске асырып жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қоғамдық орындарда 10 бекет қойылды. Елорданың жаңа аудандарында полицияның учаскелік пунктері ашылды. Бейнебақылау камераларын да жаппай орнатып жатырмыз.