Жеке сот орындаушылары үстінен 4 мың арыз түсті
Жеке сот орындаушылары мемлекет кірісіне 31 млрд теңге, ал бизнестің пайдасына 185 млрд теңге өндірді.
Бұл – былтырғы көрсеткіш. Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Айдос Иманбаев осылай деді. 2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы жеке сот орындаушыларға қатысты шағымдар саны 33%-ке азайған. Атап айтқанда, 4 мыңнан астам шағым түсіп, оның 624-і қанағаттандырылды.
Айдос Иманбаев, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы:
- Заңды бұзып, қызметін асыра пайдаланған сот орындаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтыр сот орындаушылардың өндірісінде 7 млн 800 мың атқарушылық құжат болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 млн 100 мың құжатқа артық. Жоғарғы Сот сот орындаушылардың іс-әрекеттерін даулайтын істерді қорытындылап, өткен жылмен салыстырғанда талап қою көрсеткіші 8%-ке төмендегенін айтты.