2026 жылы Орталық Азияда Климат саммиті өтеді. LIVE

Орталық Азияның жаһандық экономиканы дамыту мен экологияны жақсартуға қосар үлесі зор.

Демографиялық әлеуеті зор өңірге инвестиция тартып, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік елдердің өзара ықпалдастығын арттыру қажет. Астана халықаралық форумының ашылуында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев cөзінің мазмұны осыған саяды. Бұл пікірмен мәртебелі қонақтар да келісіп отыр.