Абай облысындағы өрт. LIVE
Абай облысында алапат өртпен күрес әлі жалғасып жатыр.
Қолда бар соңғы мәлімет бойынша қызыл жалын 60 мың гектар аумақты шарпыды. Орманда тілсіз жаумен күресу оңай емес. Ондағы жанкешті азаматтарға күш-қуат, көмек керек. Сондықтан облыста волонтерлік жасақтардың жұмысы күшейді. Олар жалынмен арпалысып жатқандарға ыстық тамақ, сусын жеткізуге атсалысып жатыр.
Эльмира Ахметова, тілші:
Біз өрт шыққан Бородулиха ауданында тұрмыз. Қызыл жалынның лапылдап жатқанынан 3 тәулікке ұласты. Ол жаққа жақындауға рұқсат жоқ. Қауіпсіздік талабы сондай. Ал біз тұрған жерден жалын ошағына дейінгі қашықтық 5 км асады. Қазіргі ақпарат бойынша күрес жалғасып жатыр. 800-ден аса адам, 200-ге жуық 8 тікұшақ жұмылдырылған. Көршілес өңірлерден және Астана, Көкшетау, Қарағанды жақтан барынша қолдау көрсетіліп жатыр.
Осыған дейін айтқандай ол жақта нағыз аптап ортасында, жалынмен 800-ге жуық адам күресіп жатыр. Күн-түн демей. Ендеше оларды ас ауқатпен қамту да маңызды.Сондықтан бұл жақта волонтерлар тобы белсенді жұмыс істеуде. Жалпы адам бұл іске жұмыла кірісіпті. Олар асүйге қажетті азықты тасып жеткізіп жүр. Ауылдық округтерден. Осы уақытқа дейін мың литр таза ауызсу, 200 келі ет, 200 келіден аса жарма өнімдері осы тағам жасауға қолданылыпты.Өлкедегі кәсіпкерлер ерекше қолдау көрсетіп жатыр екен. Еріктілердің арасвнда тұрғындар да, әр ауылдан жеткен жас мемлекеттік мамандар да бар. Енді сол еріктілердің бірін сөзге тартсақ,менің қасымда Азат Гайфутдинов тұр.
- Дайын тамақты қалай жеткізіп жүрсіздер жалын ортасын? Еріктілер көп пе сіз сияқты. Қорықпай ешкім қарсылық танытпады ма, отбасыңыз?
Азат Гайфутдинов, волонтёр:
Эльмира волонтерлер де үлкен ерлік танытып жүр екен. Енді кешеден бері хабарсыз кеткен орманшылар туралы мәлімет түспеді ме қолдарыңызға?
Өкінішке орай, ол адамдардан әлі хабар- ошар жоқ. 14 орманшыдан 8 маусым кешкі 9-дан бастап байланыс үзілген екен. Кеше 3 орманшының қаза тапқаны жайлы мәлімет тарағаны белгілі.Олардыі денесін мамандар тікұшақтан байқаған екен. Бірден ол жерге адам жіберіп, анықтату мүмкін болмаған.Сондықтан ол жерге таңертең арнайы комиссия шықты. Олар мән жайды толық анықтап беретін болады.