ТЖМ: Абай облысындағы ахуал тұрақталды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, ғарыштан түсірілген суреттерде өртеніп жатқан орындардың азайғаны байқалды.
Кешегі күнімен салыстырғанда жалынның қарқыны да біраз төмендеді. Тілсіз жады сөндіруге өзге өңірлерден келген техникалар сеп берді дейді мамандар. Қазір өрт сөндіру жұмысы жалғасуда.
Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
- Осы жақын уақытта өртті ауыздықтаймыз деп ойлаймын. Барлық қауіп төнген елді мекендердің барлығы эвакуацияланып, өздерінің үйлеріне оралды. Қауіп жойылғаннан кейін. Тиісті жұмыстарды жүргізіп, өрті ауыздықтағаннан кейін тағы да байланысқа шығатын боламыз.