Жедел штаб: Абай облысында жағдай тұрақтала бастады. LIVE
Абай облысында алапат өрттен елді мекендерге төнген қауіп сейілді.
Бұл туралы жедел штаб өкілдері мәлімдеді. Дегенмен өрт сөндірушілер ауылдардың айналасындағы бықсыған шоқты толық сөндіргенше жұмысты тоқтатпайды.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Иә, ауыл аймақ қызыл жалын тырнағынан аман қалды.Бұл тек орманшылар мен құтқарушылардың жанкешті еңбегінің арқасы деуге болады. Олар бірнеше кварталға бөлініп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеді. Оны көзіміз көрді.
Мәселен, 11 кварталда қызмет еткен құтқарушылар нағыз тілсіз жаумен бетбе-бет келді деуге болады. Өйкені мұндағы Поднебесное ауылы дәп орман іргесінде тұр. Сондықтан ауылға от кіріп кетпеу үшін мамандар жанталасты. Себебі егер ол Поднебесно елді мекеніне жалын жетсе, оның бергі жағы – осы біз тұрған аудан орталығына жайылуы да мүмкін еді. Бұл жерді 20-дан астам техника мен 60-қа жуық жеке құрам өрттен қорғады. Біз сол ауылдағы дәл қазіргі жағдай туралы сұхбат жазған едік. Соған кезек берейік.
Қайырбек Тұрсынбаев, Семей қаласы Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі бастығының орынбасары:
- Қазіргі уақытта өрттің алды тежелді. Қазір салдарымен күресіп жатырмыз ғой. Қазіргі таңда сол өрттің «кромкаларын» соларын өшіріп жатырмыз. Әрине, ары қарай қайта жанып, тұтанып, жоғары қауіпті өртке ұласып кетуі мүмкін. Сол себепті барлық «кромканы», әрбір ағаштың түбін – бәрін өшіруге тура келеді.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Абай облысы әкімдігіннің хабарлауынша, Успенка, Барышовка, Поднебесное ауылына адамдар қайта алады. Қайтып жатқандар да бар. Бұл 3 ауылда жалпы 300-ден астам адам тұрады. Енді жоғалған орманшылардан әзірге мәлімет жоқ.