Абай облысындағы тілсіз жаумен күрес 7 учаскеде жүргізіліп жатыр
Соңғы дерек бойынша Семей орманындағы өрттің аумағы 60 мың гектарға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тілсіз жаумен күрес 7 учаскеде жүргізіліп жатыр. Отты сөндіруге 1 мыңнан астам адам, 237 техника және 11 тікұшақ тартылды. Өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай 3 бағытта таралып жатыр. Қалың түтін басқанымен, орманның жоғарғы бетінде лапылдап жанып жатқан жоқ, - дейді Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер. Өрттің бетін қайтаруға ауа райы оң әсер еткен. Түнде және таңертең сіркіреп жаңбыр жауды.
Тілсіз жаумен күрес
Өрт аумағы – 60 мың га.
Өртпен күрес – 7 учаскеде.
Өрт сөндіруге жұмылдырылды:
Адам – 1 000 астам;
Техника – 237;
Тікұшақ – 11.
Өрт тараған елді мекендер:
Талица;
Каштак;
Барышевка;
Успенка;
Поднебесное;
Камышенка.