От шарпыған бес учаскеде өрт сөндіру жалғасып жатыр

От шарпыған 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл жөнінде жауапты министрліктің  телеграм каналы хабарлайды. Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдай министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам тартылып, 300-ге жуық техника жұмылдырылды. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстары да көмекке келді. Жалпы өрт сөндіру жұмыстары басталғаннан бері әуеден 486 рет, көлемі 1 мың тоннаға жуық су шашылды.