Абай облысында өрттің беті қайтты

Абай облысында қазір жанып жатқан аумақ 47 мың гектар.

Жағдайды бағамдаған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың мәліметі осындай. Өрт сөндірушілер Талица ауылына қауіп төндірген отты сөндіріп үлгерді. Тілсіз жаумен күрес басталғалы тікұшақтағы құтқарушылардың көмегімен 2 мың тоннадан астам су шашылған.