Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Абай облысына аттанды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына жаңадан тағайындалған Динара Закиева қызметіне кірісті.

Ол өзінің фейсбук парақшасында эвакуациялық пункттердегі балалармен кездесу үшін Абай облысына аттанатынын жазды. Бұған дейін мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берген болатын. Динара Закиева жеке телефон номерін жариялап, кез келген ұсынысқа ашық екенін жеткізіпті.