Абай облысында өрт сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр

Абай облысында орман өртін сөндіру жұмыстары үш бағытта жүргізіліп жатыр. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Ведмство басшысы Сырым Шәріпханов жедел штабтың кеңесін өткізді. Онда өртті сөндіру бойынша негізгі міндеттер тұжырымдалды. Отырыстан кейін министр орманды алқапқа аэровизуалды зерттеу жүргізді. Содан соң, күштер мен құралдарды қайта топтастыруды тапсырды. Сондай-ақ, өрт учаскелерінде тікұшақтарды ауыстыру туралы шешім қабылданды. Оқиға орнында тәулік бойы кезекші мамандар, жедел штаб жұмыс істеп тұр. Өртті сөндіру ойпаттар мен желдің салдарынан қиынға соғуда. Көмекке Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының  төтенше жағдайлар күштері және бөлімшенің әскери қызметкерлері қосылған. Қазір өртпен күреске 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника, 14 тікұшақ  жұмылдырылған.