Абай облысында бірнеше ауыл өрттен аман қалды

Абай облысында қарағайлы орманның жанып жатқанына бүгін 6 күн.

8 маусымда басталған жалын әлі оқшауланбады. Ең бастысы өрт аумағы ұлғайған жоқ. Құтқарушылар елді мекендерге отты өткізбей тұр. Мәселен кеше Успен, Талица ауылдары жалын тырнағынан аман қалды. Одан соң Каштак орманшылығына қауіп төнген еді. Дегенмен өрт сөндірушілер лапылдаған оттың жолын кесіп, елді мекенді аман сақтап қалды.