Ақтөбе облысы Ащылысай ауылында бәрі жұмыспен қамтылған
Жұмыссыз жүрген ешкім жоқ!
Ақтөбе облысы Ащылысай елді мекенінің еңбекке жарамды барлық тұрғыны жұмыспен қамтылған. Тіпті әлеуметтік көмекке ешкім де мұқтаж емес. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жергілікті жұрттың 56 миллион теңгеге бағаланған 16 жобасы мақұлданды. Қазір Ащылысайда құс және көкөніс шаруашылығымен шұғылданатындар көп. Кейінгі уақытта омарташылар ісі де алға басты. Мал өсіріп, егін еккен ауыл жұрты қазір кәсіптің сан алуан түрін меңгерген.
Жалпы Қарғалы ауданы бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 149 отбасы өтініш білдірген.
Серік Оразымбетов, Ащылысай ауылының тұрғыны:
- Қаз бағуды бұрыннан ойлап жүргем. Ауылдықтарға арналған жоба арманымды іске асыруға көмектесті. Қазір қора салып жатырмын. Алдағы уақытта өнімімізді саудаға шығарамыз.