Шымкентте жылу ақысы арзандайды
Шымкенттіктерге жылу үшін 3 млрд теңгеге жуық қарыз ақша қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сот алқасы монополияға қарсы қызмет пен жылумен қамту мекемесі арасындағы дау-дамайға осындай шешім шығарды. Тараптар 2022 жылдан бері соттасып келеді. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары коммуналдық ұйымның тарифке енгізілген шығындарды бюджет есебінен де толтырғанын анықтаған. Ал бұл – жүздеген миллион теңге. Соттың үкімі бойынша енді жылу ақысы арзандайды.
Айсұлу Әлібекова, Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:
- Соттың бірінші үкімі бойынша апелляциялық шағым өзгерссіз қалдырылды. Енді ол заңды күшіне енгеннен кейін қала тұрғындары үшін жылу ақысы қазіргі тарифтен 41%-ке төмендейді.