Семейдегі өрттен опат болғандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?
Абай облысындағы өрт кезінде опат болған азаматтардың отбасыларына Семей қаласынан пәтер беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұмдар мен отбасы мүшелерінің қарыздары өтеледі. Бүгінгі күнде қарыздың жалпы сомасы 36,2 млн теңге екені белгілі болды. «Қазақстан халқына» қорынан әр отбасыға 7 млн теңгеден және кәмелеттік жасқа толмаған әр балаға 2 млн теңгеден материалдық көмек беріледі. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Жұмыс беруші тарапынан ай сайынғы төлем және біржолғы көмек қарастырылады. Бұдан бөлек, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар көмек көрсетеді.