Балаларды оңалту МӘМС арқылы тегін жүргізіледі
Қазақстанда 98 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 19 мыңнан астамы церебральды сал ауруына шалдыққан. Бұл туралы «AРДИ» орталығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары айтты. Мамандардың айтуынша, церебральды сал ауруын толық емдеу мүмкін емес. Балаларға тұрақты оңалту көмегі қажет. Логопед қызметі, массажды ванна, емдік жаттығулар уақыт өткен соң өз нәтижелерін беріп жатыр, - дейді ата-аналар.
Оңалту ем шаралары Қазақстанда 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. Алматыда 43 оңалту орталығы жұмыс істейді. Соңғы уақытта оңалту ем-шараларына бөлінетін қаржы көлемі де артты.
Тілеухан Әбілдаев, МӘСҚ Алматы филиалының директоры:
- Биылғы 2023 жылдың соңына дейін біз 3,2 млрд теңгеге дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бұның өзі де ертең балалар оңалтуының дамуына, бұлардың қолжетімді болуына ата-аналарына, балаларына үлкен мүмкіндіктерді береді.
Құралай Тажиева, ата-ана:
- 2021 жылдан бастап осы біз туралы келіп жатырмыз. Осы білікті де білгір мамандардың арқасында жақсы ем алып, баламда жақсы нәтижелер көрінді. Білмей жүрген ата-аналар білсе, нұр үстіне нұр болатын еді. Қазір жағдайымыз, жақсы жүреді, ойлау қабілеті де, логопед. Айтайын дегенім, сонша қуантын нәрсе, мен, мысалы, кірген кезде сондай керемет қабылдайды бізді.