Елде есірткімен күреске 50 млрд теңге қажет

Биыл жыл басынан бері полиция елде жарты тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

30 жасырын лабораторияның жолы кесілді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Онда Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары талқыланды. Мамандар оның киберкеңістікке оңай сіңіп кеткенін айтады. Сондықтан, заңсыз айналымына тосқауыл қою үшін жаңа технологияларды, жасанды интеллектті игеруі керек, дейді.  Соңғы кезде тыйым салынған заттардың жарнамасы "жеңіл" табыс ретінде ұсынылып жүр. Осыған қатысты 2 мыңнан астам заңсыз сайт бұғатталды. Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрестің жаңа кешенді жоспарын ұсынып отыр, оны іске асыруға шамамен 50 млрд теңге қажет.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

- Айлис, аргус тритон деген қондырғылар бар, жанағы бірден желіде мүмкіншілік береді табуға, жанағы теріс контентті, оны бұғаттауға. Мысалы айтатын болсақ 2021 жылы 1600 болса, былтыр 1900 болса, биыл тек 5 айдың өзіңде 2000мыңнан астам  2200 сайт бұғатталды. Нақты сайттар. Ол енді көбінесе телеграмм басқа каналадарда болады. Сонын бірінің нақты күрес жүргізу үшін және басқада іс-шаралар қаралған жергілікті атқарушы органдардың жауапкершіліктері күшейтілген.

Игорь Рогов ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:

- Есірткімен күресте барлық азаматтық қоғам институттары мен жастар ұйымдарын белсенді тарта отырып, жұмысты күшейту қажет. Бастысы  осы препараттарды тарататындар мен оларды өндіретіндерге тосқауыл болуы керек. Сондай-ақ, есірткіге тәуелді адамдарды медициналық және әлеуметтік оңалту жұмыстарын да жандандыру маңызды.