Атырау облысы елімізде инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

Жыл басынан бері негізгі капиталға 1 трлн теңгеден аса қаржы түскен.

Оның жартысына жуығы сыртқы инвестиция. Облыс әкімі Серік Шәпкенов елге тартылған жалпы инвестицияның 22 пайыздан астамы Атырау аймағына тиесілі екенін айтты.

Атыраудағы мұнай өндіру көлемі 12 млн тоннаға артады. Келешек кеңею-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы осындай нәтиже бермек. Жоспар мұнымен шектелмейді. Мұнда бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша құны 14,9 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылады.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

- Біз мұнай немесе газды шикілей тауар ретінде сатудан одан полиэтилен, каучук сияқты өнімдердің жобаларын іске асыруға кірісіп кеттік. Ал бұл өнімдерден халық тұтынатын тауарларды өндіруге болады.

Ірі инвестициялық жобалар бұрын-соңды шетелден ғана алынатын өнімдердің елде шығарылуына мүмкіндік береді.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

- Ірі инвестициялық жобалрадың барлығы осы арнайы экономикалық аймақта іске асып жатыр. Кипиай зауыт - 3 жоба жасақталады. Екеуі 23-те, 1 24-те бітеді.

Жыл басынан бері Атырау облысына 474,3 млрд теңге сыртқы және 665,2 млрд теңге ішкі инвестиция тартылған. Бұл былтырғыдан 6,7 пайызға көп. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл 208 жоба қолдау тапқан. Оған бюджеттен 9,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Несие сомасы 21 млрд теңге шамасында.

Авторы: Мерей Мұратханқызы