Павлодардағы жағажайға смарт камералар орнатылды

Павлодар қаласындағы жағажайда «ақылды» құрылғылар орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шомылушы шектеу сызығынан өтіп кетсе, смарт камераның көмегімен дабыл іске қосылады. Осылайша, құтқару пультіне жедел хабар түсіп, олар шұғыл әрекетке көшеді. Смарт камера тек орталық жағажайға орнатылды. Әзірге сынақ түрінде жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, дабылды естіген шомылушының көбі кері қайтып, тәртіпке бағынады екен. Жоба тиімділігін дәлелдесе, осындай камералар коммуналдық жағажайдың барлығында іске қосылады.

Айта кетейік, жаңа жүйені орнатуға жергілікті атқарушы билік қаражат бөлген. Мұндай құрылғылар әзірге тек Алматы облысында бар екен.

Тілекжан Галлямов, Павлодар қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Әрине, бұзушылық анықталғаннан кейін дыбыс сигналы беріледі. Адамдар осыған орай бұны естіп, жағаға қарай ұмтылады. Өйткені әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұның бәрін түсіндіріп жатырмыз. Бұзушылық бірінші рет анықталған жағдайда ескерту беріледі. Қайталанатын болса, 3 АЕК көлемінде айыппұл беріледі.