Банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті 2 айға қамалды
Елордадағы банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадов 2 айға қамауға алынды.
Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
Еске салайық, өткен жексенбіде ол Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесінде бірнеше қызметкерді кепілге алып, кейін өзі тұтқындалған болатын.