Алматы хайуанаттар бағында сусиыр төлдеді
Зообаққа бегемоттар Израиль мен Франциядан әкелінген. Оларды Джамбо және Лотти деп атапты.
Лотти 22 мамыр күні төлдеді. Кішкентай ұрғашы су-сиырдың салмағы 38 келі, бойы 50 сантиметр. Қазір анасымен бірге қоршауға алынды. Енесі қызғаншақ. Сүйкімді баласын келушілердің, көзінен тасада ұстауға тырысады. Су-сиырлар, тәуліктің 13-14 сағатын суда өткізеді. Әзірге кішкентей су-сиырға ат қойылмапты. Хайуанаттар бағының қызметкерлері, оны көпшілікке қалдырып отыр. Сөйтіп олар Instagram парақшасы арқылы, оқырмандар ұсынған ең әдемі есімді таңдап алмақ.
Балабек Мақатов, хайуанаттар бағы тұяқтылар бөлімінің меңгерушісі:
- 22 мамыр күні ағымдағы жылы сусиырдан төл алдық. 1 ай болды қазір анасымен бірге судың ішінде жүр. Түнде далада жайылады.1730 ++Қазір кішкентайды қызғанып судан шықпай жатыр. 2018 жылы Франциядан келген содан бергі бірінші төлі.