Атырау облысында үш ауысымды мектеп саны қысқарады
Атырау облысында оқушылар санының өсуіне байланысты 11 білім ұясы үш ауысымдық оқыту жүйесіне ауысқан.
Ескі мектептердің сыйымдылығы талапқа сай бол-мауынан оқу бағдарламасы өзгеріп, кейбір пәндерді қысқартуға тура келді. Осыған байланысты 2025 жылға дейін облыста жаңадан 21 мектеп салу жоспарланып отыр, бүгінде соның тоғызының құрылысы жүріп жатыр.
Қала іргесіндегі бұл мектеп 624 орынға шақталған. Биыл оны 2 мыңға оқушы бітіріп шықты. Облыста осылай үш ауысыммен оқитын 11 мектеп бар. Олардың санын қысқарту мақсатында биыл мектеп құрылысы жаппай қолға алынды. Солардың бірі - Ақжар ауылындағы орта мектеп. Оның құрылысы 70 пайызға аяқталған.
Ақажан Нұрғалиев, мердігер мекеменің өкілі:
- Ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр: шкатуркасы, ток жүргізу жұмыстары вентилияциясы проблема жоқ материалдар келіп тұр адамдар бар осы жылы аяқтаймыз.
Қазір қала бойынша осындай 7 мектеп бой көтеріп келеді. Тағы 4-і аудандарда салынып жатыр.
Нұрлыбек Қилыбайұлы, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
- Махамбет ауданында 1 мектеп салынып жатыр, биыл бітіреді. Индер ауданында 2 мектеп салынып жатыр келесі жылы пайдалаунға береміз. Сосын Құлсары қаласында 1 мектеп салынып жатыр 300 орындық биыл балалар кіреді.
Атырауда биылғы оқу жылын 140 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Оның 5600-і мектеп бітіруші түлек. Есесіне жаңа оқу жылында 15 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды деп болжанып отыр.
Тілекқабыл Байдошев, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
- Жалпы 2025 жылға дейін 3 ауысымды мектептерді түгелдей жоямыз деген жоспарымызда бар. Биыл 9 мектеп салынса, келесі жылы 16 мектеп салынады.
Сонымен қатар биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге аса бастады. Соған сәйкес ауыл мектептеріне басымдық беріледі.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин