Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылында топырақтан бөгет салынып жатыр

Жергілікті билік су тасқыны бола қалса, осындай үйінділер тосқауыл болатынын айтады.

Бұл жұмысқа қазынадан қаржы жұмсалмайды. Бәрі демеушілер есебінен жасалады. Биыл көктемде Ойыл өзенінің тасып Қарасу, Екпетал ауылдарына қауіп төнді. Қаратал елді мекеніне су кірді. Салдарынан он үй мен тағы бір нысанға зақым келді. Арнайы құрылған комиссия шығынды 31 миллион теңгеге бағалады. Қазір ол толық өтелген. 

Нұржау Тұрғамбеков, Ойыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қорғаныс дамбасы құрылысы басталды. Жобаның құны - 15 миллион теңгені құрайды.  Ауылдың шетінен біздер карьер бергенбіз. Сол жерден саз алынып, 10 техника жұмылдырылған. Сазды осы дамбаға төгіп, дамбының үстін арнайы техникамен нығыздап жұмыстарын жүргізіп жатыр.