Алматыдағы азаматтық форумда бірқатар саланың мәселелері талқыланды

Азаматтық форум көпшілікті толғандырған мәселелерді ортаға салатын диалог алаңы.

Мұнда қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар талап-тілектерін айтуға мүмкіндік алады. Алматыда өткен ХІІІ Азаматтық форумда экономика, инвестиция, білім беру мен цифрландыру, денсаулық сақтау пен өмір сапасын арттыру тақырыбы талқыланды. Адам құқықтары, экология және инфрақұрылымды дамыту жайы да тыс қалған жоқ. Басқосуға 300-ден астам делегат келді. Сарапшылар Азаматтық қоғамды қалыптастыру басты назарда болуы тиіс дейді. Енді азаматтық қоғам белсенділері қазан айында республикалық форумда бас қосады. Жиында Біріккен ұлттар ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары елімізде қалай іске асып жатыр деген сауалға жауап алынады.

Бану Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті:

- Барлық рекомендацияны бөліп қазірдің өзінде реттеп жатырмыз. Мынау экономика, мынау ақпарат министрлігіне деген сияқты. Әрбір министрдің соған көтеріп отырған мәселелері болса, солармен қалай шешеміз. Бірақ ол жерде біз дискуссионный площадька жасап, министрліктің ғана өкілдері емес, министрдің өзінің әрбір комитеттері және депутаттарды қосып, мүмкін мынаған заң керек, мынаны реттеу керек сондай мәселелерді.