Сыр өңірі су үнемдеуге көшеді
Қызылорда облысындағы суармалы жерлерді тіршілік нәрімен қамту үшін биыл 76 жоба жүзеге асырылады.
Оның қатарында ұзындығы 78 шақырымға тең жеті су арнасын тазалау көзделген. Мамандар шаруашылықтарға суды үнемдеу әдістерін қолға алуды да ұсынады. Себебі тіршілік нәрінің тапшылығы уақыт өткен сайын өзекті болатын түрі бар.
Қазалы ауданындағы мына шаруашылықта 3 жыл бойы егінді жаңбырлатып суару технологиясы қолданылады. Осылайша мал азығын дайындауға кететін тіршілік нәрін 30-40 пайызға үнемдеген.
Әлім Кәшкенбаев, агроном:
- Cырдария ағымында біз сағаның соңында болғанан кейін бізге су тапшы. Ал мына тамшылатып суарудан ондай кедергі жоқ. Түсірген насостарымыз бар, сол екі насос арқылы мына 67 гектар жерді суарып, мол өнім алып отырмыз.
Мамандар биыл да Сыр өңірінде су тапшылығы бар екенін айтады. Қазір Сырдария өзені арқылы облыс аумағынан 280-300 текше метр шамасында су өтіп жатыр.
Роллан Ахметов, "Қазсушар" РМК ОФ директоры:
- Егін көлемі былтырғы жылы 79 мың гектар болды, биыл 88,1 мың гектар күріш көлемі ол. Былтырғымен салыстырғанда аз су. Шардарадан төмен қарай жіберілген суға байланысты су тапшылығын көреміз. Қазіргі таңда Қызылорда су торабына келіп жатқан су көлемі сол жақ магистральды каналына 190 куб кетіп жатыр, төмен қарай 80 куб кетіп жатыр. Оң жақ магистралды каналға 13 куб кетіп жатыр.
Қызылорда облысының елді мекендерін суармалы сумен қамту үшін биыл 76 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның қатарында жалпы ұзындығы 78 шақырымға тең 7 су арнасын тазалау көзделген.
Күнтілес Назымбеков, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:
- Енді қазір келген суды не болғанда да әр ауданға тең бөліп берсе, бірақ соны ішкі кезекпен беру керек. Қазір алдын алу үшін су жолдарын қолмен тазарту, қамыстарын ору жұмыстарын бакстап жатырмыз.
Мамандар шаруашылықтарға суды үнемдеу әдістерін қолға алуды ұсынады. Өйткені, су тапшылығы мәселесінің уақыт өткен сайын өзекті бола түсетіні болжанып отыр. Алдағы уақытта жаңа технология енгізген диқандарға су тарифін арзандату үшін мемлекет тарапынан қолдау жасалуы мүмкін.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин