Қызылордада ішек ауруларына шалдыққандар көбейді
Ерте піскен жеміс-жидек пен қауын-қарбыздан қауіп бар.
Ауру белгілері байқалған жағдайда бірден дәрігерге қаралу керек. Өйткені, жазда нитраттан улану қауіпі жоғары - дейді эпидемиологтар. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да байқалып отыр.
Қызылордада ерте піскен көкөністі жегеннен кейін өзімді нашар сезіндем,-деген 21 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұл маусым айының басынан бері тіркелген жағдай. Осы ретте, қала тұрғындарының да пікірін сұраған едік.
БЛИЦ
- Қазір Қызылорда қаласының бірнеше жерінде көкөністерді сатуға арналған маусымдық ашық базар жұмыс істеп тұр. Мәселен, Балаби Сайыпназар күніне 3-4 тонна қарбыз сататынын айтады.
Балаби Сайыпназар, сатушы:
- Жетісай, Шардара, Түркістан, Шорнақтан сол жақтан келеді ғой алғашқысы. Кейіннен біздің өзіміздің Қызылорда облысы жағынан шығып жатыр. Қазір Жайылманікін әкеліп тұрмын, осы тұрғанда.
Сантиарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі арнайы акция аясанда бірқатар сауда орындарындағы көкөністердің нитрат дейгейін арнайы құрылғымен тестілеген. Сынамаға алынған 587 өнімнің 16-сы тиісті талапқа сай болмай шығып отыр.
Динара Жаңабергенова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- 16 жағдай бойынша кәсіпкерлерге ұйғарымдар берілді. Яғни бұл сауда сөрелерінен алып тастау туралы. 16 жағдайда да бұл нитраттың мөлшері жоғары болғанның өзінде, оны пайдалануға болады. Бірақ, дегенмен оның өзінің ересектерге 500 грамм ғана күніне және салқындатып қана пайдалану қажет.
Жыл басынан бері облыс көлемінде жедел ішек инфекциясына 371 адам шалдыққан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8 жағдайға көбейген. Сондықтан көкөністі пайдаланбас бұрын оның дұрыс сақталғанына көз жеткізіп, гигиена талаптарын орындай отырып пайдалану қажет, деп кеңес береді мамандар.
Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев