Семейге африкалық арыстандар әкелінді
Семейдегі биологиялық орталыққа африкалық екі арыстан әкелінді.
Оларға арнап қоршау салынды. Онда жыртқышқа қолайлы жағдай жасалған, дейді мамандар. Арыстанның аталығы жаңа ортаға баяу бейімделіп жатыр. Аналығы тез жерсінген. Жыртқыш жануарларды биологиялық орталықтың 85 жылдығына орай Алматы облысынан алып келді.
Дария Вощакина, қалалық биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:
- Біздің орталықта арыстан асырау арманымыз еді. Енді міне орындалып жатыр. Оларды Хабиб және Сани деп атаймыз. Сани әлі кішкентай, яғни тек екі жаста. Ал Хабиб 5 жаста. Қазір олар бір-біріне енді үйренісіп келе жатыр. Қала тұрғындары оларды көп ұзамай жақыннан көре алады.