Ақтөбе облысының шалғай аудандарында шегірткемен күрес жалғасып жатыр
Қанаттары қатайып, үйірімен ұшқан жәндіктерді тоқтату үшін қазір 7 компанияның күші жұмылдырылған.
Қажетінше жеңіл авацияның ұшақтары да тартылуда. Жалпы, биыл 700 мың гектарға жуық алқапты италиялық және азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. Жәндіктердің бұлайша қаптап кетуі осыдан 9 жыл бұрын тіркеліпті. Сондықтан болар, бұны мамандар табиғи құбылыспен байланыстырып отыр. Әзірге егістік және шабындық жерлерге төнген қауіп жоқ. Дегенмен, Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар және Хромтау ауданында әлі де тиісті жұмыс жалғасып жатыр.
Арыстан Жақыбаев, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Бүгінгі күнге егін дақылдарына қауіп төніп тұрған жоқ. Мониторинг бекітілген аумақта тұрақты бақылауда. Шекаралас аймақтармен шегірткелер ұшу тіркелген жоқ. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр қазіргі таңда