Ә. Смайылов: Апат себептерін анықтау керек
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себебін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Премьер-Министр жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін жұмыс тобын құруды. Оның құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика министрлігінің Энергетикалық қадағалау комитеті, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерің, «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді. Сонымен қатар Премьер-Министр апаттардың салдарын жедел жою, Батыс энергетика жүйесін нығайту, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін генерациялау резервін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. Сондай-ақ ол қысқа мерзімде батыс өңірлердегі энергетика және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.