Астана –бейбітшілік қаласы

Әлем «Бейбітшілік қаласы» деп таныған, Отанымыздың жүрегі – Астананың ширек ғасырлық мерейтойын алматылықтар да атап өтуде.

Тұрғындар орталық саябақта бас қаланың тарихын, сәулетін, әсем көркі мен келбетін айшықтайтын шығармашылық байқауларды, шеберлік сабақтарын, мерекелік  концертті тамашалады. «Мұндай шаралар егемен елдің Астанасын өскелең ұрпаққа насихаттауда маңызы зор», - дейді ұйымдастырушылар. Жалпы халықтық мереке қаланың Әуезов, Медеу, Алмалы, Бостандық аудандарын қамтыған. Ал кешке Абай алаңында сахна жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Нағима Адилова, қала тұрғыны:

- Астананың 25 жылдығымен бірге өсіп келе жатқан сияқтымыз. Балаларым өнер көрсетеді қазір сахнада. Бүгін сол мерейтой құтты болсын, Қазақстанымызда тек бейбітшілік болсын, тыныштық болсын, тек жақсы күндерде осылай кездесіп, қуанып жүре берейік.