Еліміздің оңтүстігіндегі егістік алқаптарына су қажет

Оңтүстікте су тапшы.

Еліміздегі егістік суының 97 пайызын тұтынып отырған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы вегетациялық кезең су тапшылығы жағдайында өтіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты. Министрдің айтуынша, Алматы және Жетісу өңірлерінде су шаруашылығының жағдайы тұрақты. Ал Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су қоймаларына келіп жатқан тіршілік нәрінің көлемі аз. Соның салдарынан сумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қазір министрлік Қырғызстанмен және Өзбекстанмен мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету кестесін сақтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов көршілес елдермен бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешендеріне су үнемдеу технологиясын енгізуді ширатуды тапсырды.