Сарсаңға салған көлік салығы
Алматы облысында көлік салығын төлемей жүрген темір тұлпар иелері өте көп.
Бүгінгі күні 51 мыңнан астам жеке тұлғаның 2 млрд 800 млн теңге қарызы бар. Жыл басынан бері облыста көлік салығына берешегі бар 33 мың адам ғана болса, үш айда олардың саны 20 мыңға өскен. Мысалы, облыс орталығы Қонаев қаласында 2 117 көлік иесінің салықтық берешені 107 миллионнан асады. Жалпы көлік салығын уақыты төлемейтіндердің көбі Қарасай ауданында тіркелген. Мұнда 12 639 жеке тұлғаның берешегі 888 млн.теңгеден асады. Облыстық мемлекеттік кіріс департаменті салықты уақытылы төлеу - азаматтық жауапкершілік екенін ескертеді.
ГРАФИКА
Салық басқармалары |
Жеке тұлғалар |
30.06.2023 жыл |
Қонаев қаласы |
2 117 |
107 000 458 мың теңге |
Қарасай ауданы |
12 639 |
888 000 199 теңге |
Жалпы есеп |
51 026 |
2 820 871 000 |
Олжас Отар Алматы, облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Бізде мынандай, хабарлама келу керек деген сияқты сылтаулар айтамыз. Шын мәнінде қазір банктер ай сайын жіберетін болды. Соның нәтижесінде биылғы түсім 5 млрд. 900 млн.ға жуық көлік құраладыры салығына түсім түсті. скл «Хабарламалар кетіп жатыр банк қосымшалары арқылы. Соны төлегенін дұрыс көреміз.