Абай облысында үшем дүниеге келді
Бұған дейін бес баланы тәрбиелеп отырған Жарма ауданының тұрғыны Аида Сәбитқызы осылайша батыр ана атанды.
Араларын небәрі бірер минут бөліп тұрған нәрестелерге Бегімай, Бек-Мұхаммед, Бегайым есімдері қойылған.
Айта кетейік, бұл - Абай облысы құрылғалы бері өмірге келген алғашқы үшем.
Бақыт Жакупова, акушер-гинеколог:
- 32 апта, екі күн. Уақытына жетпей босанды. Соған қарамастан балалардың жағдайы қалыпты деп айтуға болады.
Аида Жұлдыбаева, үшемнің анасы:
- Үшем деп естіген кезде алғашында қобалжу болды. Қорқыныш та болды. Енді Алланың қалауымен беріліп тұрған үлкен сый үшем деген енді. Алғашында жағдайым біраз ауырлау болды. Көп балалы ана болғандықтан босану ауыр болды. Осы кісілердің, ұжымның арқасында аяқ-қолымды бауырыма алып, үйге шығып бара жатырмыз.