Алматы-Қапшағай бағытындағы ақылы жолдан жүргізушілер әбігерге түсті
Алматы-Қапшағай бағытындағы ақылы жол көлік жүргізушілерін әбігерге салды.
Демалыс күндері көлден қайтып келе жатқандарды терминал тежейді. Бұл жыл сайын жаз мезгілінде қайталанатын жағдай. Ақылы жол арқылы сапарға шыққандар Алматыдан Қапшағайға, Балқаш пен Алакөлге барады. Төлемді алдын ала жасағандар көп бөгелмей, кезек күтпей өтуіне болады. Бірақ қолма-қол ақша төлеушілер уақыт ұстайды. Кейде терминалдың өзі ұзақ кідіріп қалады. Сондай сәтте ұзын сонар кептеліс пайда болады, дейді жүргізушілер. Жұмыс күндері терминал арқылы 20 мың көлік өтеді. Ал демалыс күндері олардың саны екі есе артады.
Мерей Шахарбаев, "Қазавтожол" ҰК АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы директорының орынбасары:
«Сол жағдай орын алып тұр. Бізде жол пайдаланушылары шлагбаум алдына келген кезде ғана өздерінің қарыздарын көріп, сол жерде алдын-ала төлем жасап, тұрып қалады. Сол үшін арттағы көліктерді ұстап қалады» скл «Негізі болашақта жоспарымызда бар ашық жүйе жасау скл ол жерде терминал болмайды».