Елімізде үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйінді анықталды

Жыл басынан елімізде 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. 

Аэроғарыш комитетінің төрағасы ғарыштан бақылаудың жарты жылдағы қорытындысын хабарлады. Баубек Оралмағамбетовтың айтуынша, былтыр 5  600 гектардан астам аумақты алған бейберекет қоқыс анықталған. Сондай-ақ, алты айдағы мониторинг нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда 1 млн гектар жер игерілмеген болып шықты. Былтырғы бақылау кезінде де осыншама алқаптың кәдеге жаратылмағаны анықталыпты. Оған қоса өткен жылы 28 млн гектардан астам алқаптың жер кадастрының автоматты ақпараттық жүйесінде тіркелмегені белгілі болған. Жалпы ғарыштық мониторинг бірқатар саладағы жұмыстарды үйлестіріп, нақты мәлімет жинауға зор септігін тигізеді. Алайда қазақстандық KazEOSat-1  и KazEOSat-2 жер серіктерінің кепілді қызмет көрсетуі екі жыл бұрын аяқталған. Дегенмен, қолданыстағы серіктерді толық ауыстыруға әлі 3-4 жылдай уақыт қажет дейді мамандар. 

Баубек  Оралмағамбетов, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы

- Бірақ та оларды ауыстыру керек. Бұл өте үлкен маңызды мәселе. Биыл біз КазЕоСат Емар деген орташа анықтауы -5 метр пиксель болатын суреттерді шығаратын, түсірілім жасайтын үш спутникке группировкаға контракт қойдық. 2026 жылы ұшу керек.  Бірақ та КазЕОСАт 1-ді оны ауыстыру үшін, ол бір метрлік өте дәлді істейтін спутник. Ол үшін біз қазір документтерді дайындап жатырмыз, келесі жылы тапсырыс беруге, шығуға тырысамыз.