Атырауда 11 тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр

Облыс орталығындағы құрылысқа жауаптылар жұмыс басталғаны туралы хабарлама бермеген.

Құжаттары да түгел емес көрінеді. Жоба сараптамадан өтпепті. Көбінің үлескер тартуға рұқсаты жоқ боп шықты. Енді оларға олқылықтың орнын толтыру міндеттеліп отыр. Қазір қала аумағында 50-ге жуық тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жауаптылар тұрғындарға баспана алар кезде құрылыс құжаттарының талапқа сай екеніне көз жеткізуді ескертеді. Өйткені өңірде құрылыс компанияларына сеніп, сан соғып қалғандар көп.

Рүстем Мәкібаев, облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы:

- Нысандарға сараптама ұйымдарының оң қорытындысын алмай және құрылыс монтаж жұмыстарының басталғаны жөнінде басқармаға хабарлама жолдамай жүргізіліп жатқаны анықталып отыр.Сонымен қатар ҚР құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес 6 айдан көп мерзімде тұрып қалған құрылыс нысандарына консервациялық іс-жұмыстарын жүргізбей және басқармаға хабарлама жолданбағаны анықталып отыр.