Алматы облысында 2 млн аса шетелдік темекі қорабы жойылды

Алматы облысында құны 1,3 млрд теңге болатын темекі көлеңкелі айналымнан алынып, жойылды.

Тауардың төленбеген акциз сомасы 580 млн теңге екен. Астыртын сатуға арналған 2 млн-нан аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті анықтаған. Қазір бұл қылмыстық іс сотқа жолданды.