Алматыда көше мысықтарына тағы бір үйшік салынды
Екі деңгейлі баспана қыста шамдардың көмегімен жылытылады.
Қауіпсіз әрі берік үйшіктерді қала билігі жанашыр белсенділермен бірлесіп орнатты. Бүгінде қалада иесіз мысықтарға арналған 20 үй бар. Жыл соңына дейін тағы 50-і салынады.Тұрақты мекен-жайын тапқан марғауларға вакцина салынған. Қазір белсенділер қаңғыбас иттерге үйшіктер орнату жобасын әзірлеп жатыр.
Наталья Сульжик, «Animal security» қоғамдық қорының басшысы:
- Үйшікті бекітілген маман қадағалайды. Ол әр аулада тазалық пен залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы есеп беріп отырады. Мысықтарға жыл сайын вакцина салынады. Олар мұнда көбеймейді.