Оралда апатты үйлер азайып келеді
Орал қаласында 8 апатты үй сүріліп, орнына жаңадан көп пәтерлі 4 тұрғын үй салынып жатыр.
Құрылыс компаниясы, тұрғындар және әкімдік арасындағы үш жақты келісімге сәйкес апатты үйдің орны инвесторға тегін беріледі. Ал инвестор өз кезегінде, сол жердегі пәтер иелеріне тең көлемдегі жаңа баспана бөлуге міндетті. Осындай әдіспен 2015 жылдан бері облыс орталығында 28 апатты үй бұзылып, 14 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Биыл жыл аяғына дейін, көпқабатты 3 үй, ел игілігіне тапсырылады.
Нұртілеу Шайдағалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Осы 3 тұрғын үйді пайдалануға беру арқылы 40 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұндай дейін бағдарлама тұрғындарға тиімділігі жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі, өздеріне қолайлы жағдай жасайды баспанасын ауыстыру арқылы. Әкімдікке тиімді тұстары бюджет қаражатын үнемдейді. Және қаланың сәулет келбетін жақсартуға ықпалын тигізеді.